Қоғамдық штаб Бөрлі ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабы Бөрлі ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті. Халықтық коалицияға енген қоғамдық штаб өкілдері аудандық мәслихаттың хатшысы- Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы, "Ақжол" партиясының өкілі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ерманов Рахымжан Бiрманұлы және "АMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы О.Тулемисов, шақырылған азаматтарды Қ.К. Токаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар Қ.Тоқаевтың " Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.
Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.
«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді" деп айтқан сөздерін жеткiздi.
Медицина қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.
#Toqaev2022






