Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық штаб мүшелері ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабының мүшелері Қ.Ермекбаев, А.Агаев Ақсу ауылдық округінің «Достық-Қоныс» ЖШС, «Таженов» ШҚ-ң ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қ.Тоқаевтың ұсынып отырған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, үгіт-насихат парақшалары таратылды. Кездесуде сөз алған штаб мүшелері елiмiзде алғаш рет халықтық коалиция арқылы Президенттiкке кандидат ретінде Қ.К. Тоқаев ұсынылғаны туралы айтылды.

Тұрғындарды 20 қараша күні сайлауға келіп, өз дауыстарын беруге, үміткер Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
176

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық штаб мүшелері ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті - Yvision.kz