Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері А.Еничев пен Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді.,-деген болатын Қ.К.Тоқаев. Сондықтан Қуатты Қазақстанды құруда әр азамат барынша ат салысуы керек деді штаб мүшесі А.Еничев Сайлауалды бағдарламамен танысқан ауыл тұрғындарын 20 қарашада өтетін саяси науқанға қатысып, дұрыс таңдауларын жасауға шақырды. #Toqaev2022

0
0
137

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті - Yvision.kz