Қоғамдық штаб мүшелерінің "НазТур" ЖШС қызметкерлерімен кездесуі
Бүгін Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері "НазТур" ЖШС қызметкерлерімен кездесуге барды.
Қоғамдық штабтың мүшелері: "AMANAT" партиясының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты - Агаев А.А., "Ақжол" партиясының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты - Дүйсенов С.Ч., аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ерманов Р.Б және штаб жетекшісі О.Тулемисов қызметкерлерге сайлауалды бағдарламадағы тақырыптарға тоқталып, сайлаушыларды сайлауға катысуға шақырды. Қ.Тоқаевқа дауыс беру туралы үгiт-насихат жүргiздi. Кездесудің соңында қызметкерлер тарапынан төмендегідей ұсыныс - пiкiрлер айтылды. Бiрiншi, Ақсай қаласында мектепке дейінгі балаларға арналған бассейн салынса және аз қамтылған отбасы балалары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға тегiн баруға жағдай жасалса.
Екінші, Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған емдеу орталықтары ашылса.
Ұсыныс - пiкiрлер жазып алынды. Аталған мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіндерi жеткізілді.
#Toqaev2022





