Қоғамдық штабтың мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде штаб төрағасы Б.Куаналиев, Е.Илемесов, Е.Нигметов және К.Джуманиязов сөз сөйлеп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жіті түсіндіріп, ел үшін атқарған маңызды жұмыстары туралы айтып өтті. Жиын барысында әлеуметтік сала қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын толық қолдайтындығын және 20 қараша күні өтетін сайлауға бірауыздан қатысатындарын жеткізді.
#Тoqaev2022
