О, киелі махаббат
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – "The Winner Takes It All" - оркестр Джеймс Ласт
Бейнематериал авторы – Music channel
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Екі жасты қосатын,
Махаббат, шіркін.
Қуантатын, жылататын,
Махаббат, шіркін.
Түңілгенге, ой беретін,
Махаббат, шіркін.
Адасқанға, жол сілтейтін,
Махаббат, шіркін.
Дұшпандарды, дос қылатын,
Махаббат, шіркін.
Жалғыз басты, қос қылатын,
Махаббат, шіркін.
Талғамайтын, мүлдем жасты,
Махаббат, шіркін.
Жалғастырған, жаңа ұрпақты,
Махаббат, шіркін.
Ата –ананы, сыйлаттырған,
Махаббат, шіркін.
Туыстарды, сағындырған,
Махаббат, шіркін.
Алаңдатқан жерге, елге
Махаббат, шіркін.
Намысты да, берген ерге
Махаббат, шіркін.
О, киелі махаббат,
Керемет, сәнді.
Қай түрінде, келсеңде,
Болшы сен, мәңгі.
