Оң шешілген мәселе
📷 "AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты А.Тасановтың ауыл тұрғындарына қабылдауы өтті. Қабылдау барысы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өтті. Көп балалы зейнеткер апамыз жолдасының денсаулығына байланысты қазір дәрі-дәрмекке қарызға кіріп ақшасы жетпей ала-аламай отырғанын айтып көмек сұрап келді. Қабылдаушы депутат А.Тасанов өтініш иесінің мәселесін толық тыңдап дәрігердің тағайындауымен берген дәрі-дәрмектерімен танысып мәселені анықтау барысында аудандық ауруханаға барды. Нәтижесі📷 Өтініш иесінің сұрауы бойынша 6 дәрінің 3 еуі аудандық ауруханадан тегін берілетінін және қалған дәрі-дәрмекті аптекаға тапсырыс беру арқылы алдыртып толық қажетін өтеп берді. Өтініш иесі «AMANAT» партиясы аудандық филиалының фракция депутаттарының жұмысына ризашылығын білдірді. #AMANAT
