Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтайлы іс – көңіл қуантады

Әрине, мәселе шешімсіз болмайды. Әдетте «Nur Otan» партиясы қоғам мүшелерінің толғандырған мәселелерін шешуге атсалысып қана қоймай, осындай көпшілікті толғандырған мәселелердің орын алмауына сеп болады.Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мәлік Бейсенов өңір тұрғындарымен тікелей эфирде кездесу өткізді.

Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жоспарлы жұмыстың жайы айтылды. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, газдандыру, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тек шешімін тауып, мәселенің күрмеуін тарқататын бір дүние – егістіктегі суармалы жерлерді суару жүйесі.

Алдағы уақытта бұл мәселенің де күрмеуі тарқайды.Онлайн жүздесуде өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері сөз болып, атқарылған жұмыстар айтылды. Жүйелі жұмысқа тұрғындар да разы. Себебі оңтайлы іс – көңіл қуантады.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Оңтайлы іс – көңіл қуантады - Yvision.kz