Оқу зиян емес
Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ZOOM платформасы арқылы Қостанай қаласының №11 орта мектебінің мұғалімдеріне,жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар топтамасы таныстырылды. Бұл топтамада 10 кітап ұсынылды. Атап айтсақ, Зияш Телеуованың «Құлаған үйдің құпиясы», Заря Жұманованың «Ақбота», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі» және т.б. кітаптар.
