Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Калибеков Арман Талғатұлы азаматтарды қабылдады

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Калибеков Арман Талғатұлы азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға әкесі мен қызының денсаулығына алаңдаған жалғызбасты ана келді. Тиісті емдеу шараларын толық ала алмай жүргендігін айтып, басқарма басшысынан көмек сұрады.

Арман Талғатұлы тұрғынның барлық байланыс деректерін жазып алып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханаға жолдама жіберілетінін мәлімдеді.
Қабылдауға келесі болып 2 кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты ана келді. Тұрғынның мүгедектігі бойынша тиесілі барлық дәрі-дермектер мен гигиена құралдарын толық ала алмай жүргендігі белгілі болды. Басқарма басшысы азаматшаның барлық байланыс деректерін жазып алып, тиісті мекемеге тапсырма берілетіндігін айтты.

Соңғы болып ауытқу бар балаларға арналған балабақшаға кіші қызын орналастыра алмай жүрген көпбалалы ана келді. 6 жыл бойын аталған мекемеге орналасу үшін кезекте тұрса да, тіркеле алмай жүргендігі белгілі болды. Осы сұрақ бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тұрғынның атынан өтініш жолданатын болады.


Арман Талғатұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.
Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372
@nur_otan @baibekbk
#NurOtan #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
