Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаты Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындарды қабылдады

2 маусым күні облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауда бейне байланыс арқылы жалғызбасты ана мүмкіндігі шектеулі қызымен бірге көпқабатты үйде тұратынын баяндап, қызының күнделікті қозғалысына, емдеу шараларына баруға, жоғарғы қабаттан төменге түсіп, жүріп-тұруына көмек сұрап, хабарласты. Анамыз қызын жалғыз өзі көтеріп, түсіріп жүре алмайтындығын айтты. Хабарласқан тұрғынымыздың толық байланыс деректерін жазып алып, Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы жергілікті еріктілерге сауал жолдады. Анамыздын жағдайын егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көмекке еріктілердің күші жұмылдырылатын болды.

Келесі хабарласқан тұрғын, үйінің маңайында орналасқан «Белгілі тұрғылықты жері жоқ, тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығының» алдында келушілердің көптеп жиналуы тұрғындарды аландатып отырғанын мәлімдеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ келушілердің теріс қылықтары, балаларға кері әсерін тигізеді деп алаңдайтындықтарын хабарлады. Тұрғындар бұл мекемені, өзге мекенжайға ауыстырылуын сұрады. Мәлімденген барлық жағдайлар назарға алынып, тиісті мекемелерге сауал жолданды. Депутаттың толық бақылануына алынды.

Сондай-ақ, қабылдауға офлайн форматта да келген тұрғындар да болды. Көпбалалы ана тұрғын үй мәселесімен келді. Қазіргі таңда қалада жалдамалы пәтерде тұрып жатыр екен. Ауданда апатты үй кезегі бойынша 26 орында тұрғандығын айтып, бірақ кезегі бойынша әлі үй ала алмай жүргендігін атап өтті. Депутат заңнамалық тұрғыдан барлық түсініктемелер берді. Аудан тұрғынының барлық байланыс деректерін жазып алып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданды.

Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

@nur_otan @baibekbk

@jas_otan

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаты Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындарды қабылдады - Yvision.kz