Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Oблыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға Громова көшесі, 9 үйінің тұрғыны келді. Үйдің шатырына жөндеу жұмыстары мен балаларға арналған ойын алаңын абаттандыруды қажет ететіндігін айтып келді, ЖКХ-ға өтініш жазылып, жолдама жіберілді. Содан кейін жалғыз басты, көп балалы ана материалдық көмек сұрап келді. Тұрғынға жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдарға жолығып, кеңес алуға ұсыныс берілді және 3 жасар 2 баласын мемлекеттік бала-бақшаға орналастыру үшін қалалық білім беру бөліміне өтініші жолданды. Сонымен бірге туған әпкесін өз қамқорлығына ала-алмай жүрген қала тұрғының өтінішін жауапты органдарға жолдап, заңнамалық тұрғыда кеңестер берілді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk @shattyk_samatovna

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
136

Осы тақырып бойынша

Oблыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық тұрғындарды қабылдады - Yvision.kz