Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті
Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Бірінші ұйымдастыру сессиясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов сайлау қорытындысын жария етіп, куәліктерді табыс етті. Шараға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, депутаттарды құттықтап, оларға игі тілегін білдірді. Сессия барысында депутаттық корпустың шешімімен облыстық мәслихаттың төрағасы болып Мұқаев Мұрат Рахметұлы бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, кездесуде тұрақты комиссияларының мүшелері мен оның төрағалары да сайланды.
