Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық маслихат депутаты жастармен кездесті

Жезқазған гуманитарлық колледжінде «Қазақмыс» компаниялар тобы жұмысшыларының салалық кәсіподағы» ҚБ Жезқазған филиалы, «Tranco Жезказган» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Ұлытау облыстық маслихатының депутаты Елдос Әбікенов мысты қаланың жас буынымен кездесті.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Елдос Қуанышұлы Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы Қазақстанның стратегиялық міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бері айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін, бірақ, соған қарамастан, ел экономикасының дамуында бәсеңділікті байқауға болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнес саласындағы салық заңнамасын өзгертуді тапсыра отырып, экономиканы дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл да көптеген қазақстандық жеке кәсіпкерлерге қиындық туғызғаны жасырын емес.

Кездесу соңында Елдос Әбікенов студенттердің сұрақтары мен ұсыныстары үшін алғыс айтып, оқуларына сәттілік тіледі. «Еліміздің болашағы жастардың қолында. Қолымыздан келгенше ғылымды терең меңгеріп, барынша білім алып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық», – деп өз сөзін қорытындылады.

#ТоқаевпенБіргеміз

0
0
256

Осы тақырып бойынша

Облыстық маслихат депутаты жастармен кездесті - Yvision.kz