Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…" атауымен кітап жарық көрді

«ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…» атауымен тіл жанашыры, аудармашы Гүлнәр Әлжанованың кітабы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесерімен және автордың 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, «Nur Otan» партиясының облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық «Miras» қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық филиалдың қызметкерлері жылы лебіз тілектерін білдірді.

Гүлнар Жәрдемқызы облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы, тіл жанашыры, аудармашы ретінде танымал. Аударма әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар тұлға. Соның ішінде «Экологиялық тәрбиенің негіздері», «Соқпақ», «Ақжайықтың қорықтары», «Турист ізкесушілер жорықта», «Астродинамика негіздері» атты бірнеше кітаптарды орыс тілінен тәжімалап, қазақ тілді оқырманға ұсынған автор.

Шарада кеш иесіне «Nur Otan» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан алғыс хат және келген қонақтардан естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ ақын, ардагер ұстаз, Ақжайық ауданының құрметті азаматшасы Үзілдік Елубайқызы арнау тілек білдіріп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Қожақов Қанатқали кеш исіне арнап ән орындады.

Тұсауы кесілген «Қолтаңбам бар менің де…» кітабына Гүлнәр Әлжанованың туындылары мен авторлардың өзіне арнаған шығармалары енген. Кітап 200 дана таралыммен шыққан.

Шара соңында кеш иесі Гүлнәр Жәрдемқызы партияға және келген қонақтарға алғысын білдірді.

@nur_otan @baibekbk

@jas_otan

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
382

Осы тақырып бойынша

"ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…" атауымен кітап жарық көрді - Yvision.kz