Онлайн қабылдау өтті
Өлеңті ауылы Өтемісов көшесінің тұрғыны Н.Төлеуова, 1 топ мүгедек. Жұмыссыз. Мүгедектерге Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес берілетін көмекші құралдардың сапасы төмен, атап айтқанда 2001 жылдан бері алатын мүгедектік арбалардың алғаннан кейін көп қолданбай істен шығатыны, сауықтыруға баруға жеке көмекші қажет, бірақ олар ақылы түрде бару керек екен, алайда ондай мүмкіндік болмай, жылда сауықтырудан бас тартуға мәжбүр. Ауданда инватакси қызметі неге жоқ, сол қызмет болса деген үміт артып отырғанын жеткізді. Мүгедектерге көңіл бөлінсе екен деді, 18 жастан асқаннан кейін төрт қабырғаға қамалып, ешқайда баратын жер жоқ екенін айтты. Сол жағынан жұмыс ұйымдастырылса деп аманатын айтып, сайлауға қатысатынын жеткізді. Осы бағытта жолыққан Жымпиты ауылының тұрғындары З.Нұрмашева және Ж.Кәкімғалиева 18 жасқа толған мүгедектігі бар балалардың ата- аналары солардың болашақтары қалай болады деп алаңдайды. Және "Nur Otan" партиясына сенім артып, сайлауға баратындарын айтты.
