Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ораза «Ораза қабыл болсын ағайын» (Аудио өлең, поэзия)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

       

Оразаның қасиеті биік екен,

Жаратқаннан бізге жеткен мүмкіндік.

Жол сілтейтін біздерге, жарық екен,

Осы жолға, біз сеніммен жүгіндік.

 

Сырттан бүтін, ішіміз түтін болып,

Бірде батып, бірде жанып жатамыз.

Мүлдем сусыз, қалғандай гүлдей солып,

Адасумен, күнәға тек батамыз.

 

Шатасамыз әрине, пенде болып,

Мың азапты, басымыздан өткізіп.

Бейнетпенен жатсадағы, өмір өтіп,

Кешірейік, кетпесін дұшпан сөгіп.

 

Осы емес пе, мүмкіндік, о Жаратқан,

Қасиетті оразаның айында.

Шаршап тұрған жүрекке, дәрмен тапқан,

Қалдырмай мынау адасқан күйінде.

 

Құранменен, жанымызды ағартып,

Гүл жайнатып, көгертейік өмірді.

Тек бақытта, жатсын бүгін, таң атып,

Толтырайық, біз иманға, көңілді.

4
1
988

Осы тақырып бойынша

Ораза «Ораза қабыл болсын ағайын» (Аудио өлең, поэзия) - Yvision.kz