"От двери к двери" акциясынан үзінді
Бүгін, Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Мадияр Байжанов, «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесті. Үміткер, тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, 2020 жылдың 10 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және сайлау үрдісінде партияны қолдауға шақырды. Кездесу барысында Мадияр Байжанов, Партияның төрағасы, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұы Назарбаевтың сөзін ойға оралтып, тілге тиек етті. Ол өз сөзінде: - Елбасы айтқандай жетістіктің үш негізгі қағидаты бар, олар - жауапкершілік, партияның бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану. Біз, бұл - ортақ идеологияны қоғамның біртұтастығы үшін жүзеге асырамыз. Сондықтан, келіңіз, дауыс беріңіз, дұрыс таңдау жасаңыз!, - деп тұрғындарға жігер берді. @nur_otan #nurotan
