Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"ОТАН" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті

"ОТАН" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер "Отан" БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Малика Махауова алғы сөз алып, білім беруді, денсаулық сақтауды, жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құру, күрделі жөндеу, 190-нан астам жұмыс орнын құру бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша айтып өтті.

Жеті бағыт-жетістік жолы

Осы орайда «Nur Otan» партиясы: Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдап, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізеді. Осы ретте мамандар тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді,- деді. Малика Кашуковна.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жолдар – әр аймақ өмірінің негізгі артериялары. «Nur Otan» партиясының мақсаты – автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен арттыру»,- деп сөз алған кезекті үміткер Нурия Муфтеева жолдар сапасының жақсаратынын айтып өтті. Ол үшін біз алдағы бес жылда төмендегідей жетістіктерге қол жеткізетін боламыз десе, келесі үміткер, Асылхан Қармысов білім саласы бойынша айтып,инклюзивті біліммен қамтуды 100%-ға дейін ұлғайту, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 150 орындық оңалту орындарын салу бойынша партия мүмкіндік жасайтынын жеткізді.

Аудандық мәслихат депутаттығына тағы бір үміткер Лесбай Елеусинов кәсіпкерлікті қолдау мақсатында партияның алдағы жоспарларына тоқталды.

Үміткерлер кездесуге жиналғандарды ел игілігі үшін осындай ауқымды жұмыстарды мақсат еткен "Nur Otan "партиясын қолдауға шақырып, үнпарақтар таратты.

0
0
121

Осы тақырып бойынша

"ОТАН" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті - Yvision.kz