Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ой толғау «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Оңаша, кейде, қалып мен,

Терең ойға, батамын.

Өмір қиын, бұл неден?

Жауапты таппай, жатамын.

 

Жастыққа да, мас болдым,

Көрдім өмір, қызығын.

Мұңлы, уайымға толдым,

Көрдім ыстық, суығын.

 

Дегенмен, ризамын тағдырға,

Сан сынақ, маған берседе.

Алдыңғы, қостың қатарға,

Желедің мені, көк желде.

 

Басыма, сынақ түскенде,

Сан ойлар, басып жатады.

Өзімнен, қорқам сол кезде,

Үмітім, сөнгендей болады.

 

Мейлі, жарайды, не болды?

Кеткендер, кетсін, жол ашық.

Себепкер болған, бұл жолды,

Болармын өтуге, мен асық.

 

Қиындық, мәңгі болмайды,

Ауысып, ретімен жатады.

Сұрасам, Аллам қолдайды,

Сенімде, таңым атады.

 

Жымиып, күліп тұрамын,

Жүрегім жылап, жатса да.

Тағы да, үміт құрамын,

Тас болып, көңіл қатса да.

 

Көңілді, тырысып көтерем,

Менен де, кемді, еске алып.

Япырмай, оларға не дер ем?

Мен көрсем, жүргенін қиналып.

Менің көрген, сынағым,

Бұдан да жеңіл, екен ғой.

Аманда болсын, бұтағым,

Өмірде барым, осы ғой.

 

Бұл шатпақ, қилы жолдарым,

Адасты талай, ойларым.

Түсінбей кетті, достарым,

Азайып қалды, қатарым.

 

Жаратқан, ризамын өзіңе,

Баласыз, дүние қараңғы.

Тұрмайды – ау, бұл бейнет сөзіме,

Ұямның, жайнаса бақ тағы.


0
1
1403

Осы тақырып бойынша

Ой толғау «Аудио өлең» - Yvision.kz