Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оятпаңдар, байқаңдар!

Бұлттан бұйда тағынып,
Көктен көрпе жамылып,
Таулар жатыр аңырып,
Сапарларын сағынып.
Жетер жерге жеткесін,
Мәңгілікке шөккесін!
Оятпаңдар, байқаңдар!
Таулар тұрып кетпесін,
Тау бір аңыз,
Тау - дастан.
Таусылмаған әу бастан.
Ана - Жердің төсіне,
Алып сәби жармасқан.

Алматы маңында, недеген тау десеңші.
Бөтен елде бұған тең бар ма?

Ал бұл кереметтің Алматыға қандай қауіп-қатері бар екенің өзіңіз білесіз, бұл - сел. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Алматы маңында болған селдер тұралы естеріңізге сала кетейін:

1. 1887 жылғы жер сілкінісінен туындаған су тасқыны өтті. Қала тарихында бұл Верный апаты деп жазылған.

(сурет ғаламтордан табылған)

1887 жылғы жер сілкіунен болған Ақжарлық тау қирауы нәтижесі.

2. 1902 – жылы. Ақсай өзені арнасынан шығып, тау етегінде балшық пен тас аралас лай жиналған.

3. Жауын шашынның нормадан екі есе көп түсуінен, 1921 жылы Алматы маңындағы көптеген тау өзендерінде су тасқын өтті.


К.Маркс көшесі (қаз Құнаев көшесі), 1921 жылы өткен селден кейін көрініс. (сурет В.Проскуриннің «Алмат-Ата от А до Я в калейдоскопе событий» кітабынан алынған.

4. 1963 жылы Есік өзінінде су тасқын өтті. 3-4 сағат ішінде 6-7  миллион текше метр лай су таудан түсті. Мысалға Алматы үлкен көлдің су көлемі 14 миллион текше метр.

1960 жылғы Есік көлінің көрінісі.

5. 1973 тұйықсу морена көлінің жарып өтуінен, су тасқыны Медеу платинасына жетті, судың асып өтуіне сәл қалды. Бұл сел әлемге әйгілі.

1973 жылғы сел кесірінен Медеу селқоймасының толуы.



1973 жылғы селді бүкіл Совет одағы қосылып жеңіп едік. Сол жылдары Медеу платинасының биіктігін 40 метрге көтеруге шешім қабылданды.

6. 1977 жылы күмбел су өзенінің жоғары жағындағы морена көлінің жарып өтуінен су тасқыны өтті. Бұл сутасқын 6-7 метр тастарды мақтадай төмен асырды.

7. 2014 жылы Талғарда су тасқыны өтті
8. 2015 жылы Қарғалыда су тасқыны өткенде, өзім де сел қауіпін сездім. Бұл сел лай су ағыны үйіме де жетті.

Осы деректерге қарамастан, Алматы маңында селге қарсы күрделі шаралар тек 1973 жылғы сел оқиғасынан кейін болған.

Ал енді 2016 жылды қарастырсақ, Алматылықтардың бәрі байқаған болуы керек, бұл жылдың жауын шашынның жалпы нормадан ауытқығанын. Осыны ескере кетсек, Алматы Әкімдігі және «Қазселденқорғау» мекемесі, Алматыны селден қорғау шараларын деркезінде іске алғаны сөзсіз.

Жүргізілген жұмыстарға тоқтала кетейік:

1. Алматы Әкімдігінің қолдауымен "Қазселденқорғау" мекемесіне 6 жоғарыөнімділік су сорғылары сатып алынды. Бұған дейін 1 ғана су сорғы жұмыс атқаратын.
2. Әр тау өзендерінде 4 тен 28 ге дейін адам күші күнделікті жұмыс істеуде.
3. 9 дан 18ге дейін гидропосттар көз алмай, судын деңгейін, судын лайлығын, ауа температурасын және жауын шашын көлемін күнделікті бақылауда. Ақпарат 3 сағат сайын немесе жағдайға лайық 15 минут сайын беріліп отырады.
4. Әйгілі нөмері 6 тау көліне жол жасалды. Бұл 500метр тау жолы. Енді осы көлде  арнайы ауыр техника жұмыс істеуде. Бөгетті жою жұмыстары жасалуда.

Ал енді дәл цифрлерге тоқтала кетсек:

Алматы маңындағы тау көлдерінің су көлемі мынадай: Ақсай шатқалында 920 000 текше метр су, Үлкен алматы – 320 000 текше метр су, кіші алматы – 160 000 текше метр су. Осы жылы 1 600 000 текше метр су көлемі арнайы су сорғыштармен тартылды.

13 көлдің су көлемі 305 000 текше метрден 275 000 ға,
6 көлдің су көлемі 185 000 текше метрден 75 000ға дейін,
4 көлдің су көлемі 198 000 текше метрден 40 000ға дейін азайтылды.

Осы жұмыстардың бәрі бізге оңай көрінеді, алайда бұндай биіктікте ауыр техниканы оталдыру да бір мәселе. 3500метр биіктікте ауада оттегі көлемінің аз болуына орай, бұл жерде темекіні тұтандырудың өзі бір жағдай.

Ал мына суреттер, жүргізіліп жатқан жұмыстардың дәлелі:











Сіз бен мен сияқтыларға бұл табиғатта, тікұшақпен көтеріліп, ауада кислород аз жерде, кислородтық маскамен жұмыс істеу суретте әбден оңай көрінеді.

Сіз білесіз бе, 4000 биіктікте, жоғарыөнімдік сутартқыштар тұрмақ отын сұрау бір жоба. Неге десеңіз - бұл биіктікте оттегінің ауада аз мөлшері себеп.

Қандайда бір сұрақтарыңыз болса, жазыңыз. Жауабын өзім білмесем, мамандардан біліп беремін.

Ұйқыларыңыз тыныш болсын.

5
0
2835

Осы тақырып бойынша