Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Озбырлықты, мизантропияны және милитаризмді насихаттауға берік тосқауыл қалай қоюға болады?

A+Analytics ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Фархад Қасеновтың «Қазақстанның ақпараттық егемендігі: тәуелсіздікке бастаған қадам» деп аталатын сарапшылардың дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінің тезистері (15 қыркүйек, 2022 жыл, Алматы, Қазақстан).

«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Бірақ өкінішке қарай, еліміздің ақпарат саласы осы тәуелсіздікті біз қалағандай сезінген жоқ. Оның ілгері жылжымағанын мойындауымыз керек.Бұған көптеген дәлелдер бар. Мысалы, 2019 жылдан бастап біздің орталық отандық және шетелдік, оның ішінде қазақстандық басқа да теледидардағы контенттің пайыздық үлесіне зерттеу жүргізіді. Нәтижесінде теріс дисбаланс (теңгерімсіздік) бар екенін байқады. Бұл көрсеткіш әлі күнге дейін сақталып келеді. Жойылған жоқ».

"Қазақстандық ақпараттық өріс әлі де сыртқы факторға тым қатты тәуелді, ал қазір бұл Украинадағы соғыс аясында ерекше байқалады. Қазақстандықтардың санасына үлкен әсер ететін осындай сыртқы ойыншылардың бірі ресейлік БАҚ пен ақпараттық көздер болды және солай болып қала береді".

«Мәселе, тіпті біздің қазақстандық БАҚ контентті сериалдар немесе фильмдер болсын, ресейлік контентпен толтырып жатқанында емес. Біздің елде ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе 24 ақпаннан бастап озбырлықты, мизантропияны және милитаризмді шексіз насихаттауы – нағыз сорақылық. Оның соңы неге апарып соғатынын күнделікті біліп, көріп отырмыз».

«Сонымен, кеше ғана Грузияда болған оқиға әйгі болды, қазақстандық туристер «Ресей жасасын» деп қақтығыс шығарыпты. Сырттан қарағанда өте оғаш көрінеді. Мысалы, Малайзиядағы Оңтүстік Корея азаматтары "Жапония жасасын" деп айқайлауы ойға келмейтін нәрсе (өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы Жапонияның империялық өткеніне сілтеме-ред.). Қазақстан үшін бұл қалыпты жағдай, өйткені біз мұнда ресейлік насихаттың ықпалындағы адамдардың қаншалықты көп екенін білеміз".

"Шын мәнінде, мұндай қазақстандықтардың өз пікірін айтуға, ақ-қараны өз бетінше таңдауға мүмкіндігі жоқ. Көбінесе бұл кеңестік және посткеңестік дәуірдің, бір сөзбен айтқанда, сыни тұрғыдан ойлай алмайтын, оған баға бере алмайтын егде немесе орта жастағы адамдар. Олар дәстүрлі түрде берілетін ақпаратты қабылдап үйреніп қалған. Ал, ол кезде сынның болмағаны белгілі. Сондықтан олар Қазақстандағы халықаралық және ішкі үдерістерге қатысты объективті пікірге баға беріп, оны сараптап қорытынды шығара алмайды. Сөзімізге осы болып жатқан оқиғалар дәлел.

Мұндай жағдайдың қазақстандық қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін қаншалықты зор зиян келтіретінін бәрі түсінеді деп ойлаймын".

« Менің ойымша біздің барлық мәселеміз демография арқылы шешіледі деген үміт тым оптимистік мағымнада айтылған. Философия және саясаттану институты жүргізген үш жылдық зерттеу ("Қазақстандағы ұлттық құрылыстың мәдени негіздері – - ред.), көрсеткендей, Қазақстандағы қазақ этносының механикалық түрдегі таралуы біздің қоғамды бір күннің ішінде қазақтілді лингвистикалық кеңістікке ауыстырмайды. Сондықтан бұл да біздің осы саладағы түйіткіл жайттарды шешіп бере алмайды.»

«Әрине, жастар мен орта буын өкілдерінің ақпараттық және әлеуметтік бейімділігінде айырмашылық бар. Бұл бізге үміт ұялатады. Бірақ бұл да көбірек зерттеуді қажет етеді.»

Білесіз бе, 2022 жылдың сәуірінде "Ресей әскерлерінің Украинаға басып кіруі" тақырыбында таңқаларлық сандармен сауалнама ұсынылды. Бұл бізді толғандырды. Соған байланысты көптеген сұрақтар туындады. Біз зерттеу жұмыстарын мамыр-маусым айларында жүргіздік. Оның барысында жастардың, әсіресе студенттердің қалауына тоқталуды жөн көрдік. Сонымен, сауалнаманы алдын - ала өңдеу шаралары жастардың анағұрлым қазақшыл екенін, жалпы соғысты қолдамайтынын, олардың арасында Украинаға жаны ашитын азаматтардың әлдеқайда көп екенін көрсетті. Ал, ақпарат көзін таңдауға келгенде, атап айтқанда жастардың теледидарды әлдеқайда аз көретіндігі, интернет-ресурстарды басқалардан артық қоятындығы анық байқалды. Яғни, айқын корреляция бар. Бұл ақпарат алу арналарын айтарлықтай әртараптандырады.

«Бүгінгі көтерілген мәселелер өте ауқымды, олар бір емес, көптеген дөңгелек үстел басындағы отырыстар мен пікірталастарды, зерттеулерді қажет етеді. Оны шешуге әркім атсалысуы қажет. Осылай үн қатып, пікір білдіруге тиіспіз. Сонда ғана мемлекет азаматтық қоғамды тыңдауға мәжбүр болады».

0
0
278

Осы тақырып бойынша

Озбырлықты, мизантропияны және милитаризмді насихаттауға берік тосқауыл қалай қоюға болады? - Yvision.kz