Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия активінің отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы партия активінің отырысы өтіп, оған партия саяси кеңесінің мүшелері, фракция депутаттары, партия белсенділері офлайн, ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымының төрағалары онлайн форматта қатысты.

-Өздеріңізге мәлім, күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын, мемлекеттік қызмет пен белсенді қоғам өкілдері ретінде баршаңыз да аталмыш Жолдауды еліміздің жетекші телеарналарынан қарады деп есептеймін. Бүгінгі партияның актив отырысының күн тәртібінде осы Жолдауды талқылайтын боламыз, - деді А.Сафималиұлы кіріспе сөзінде.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев хабарлама жасады. Жарыссөзге аудандық мәслихаттың депутаты Райгүл Шагирова мен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Садирова қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырысты төраға Азамат Сафималиев қорытындылады.

0
0
250

Осы тақырып бойынша

Партия активінің отырысы өтті. - Yvision.kz