Партиялық бақылау комиссиясының онлайн жүйесінде кезекті отырысы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының онлайн жүйесінде кезекті отырысы өтті. Комиссия төрайымы Ш.Дүйсенғалиева жетекшілік еткен отырыстың күн тәртібінде Сырым аудандық мониторингтік топтың 2021 жылдың алты айында атқарған жұмыстарының қорытындысы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының "Еңбек" бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын аудан орталығындағы жатақханалардың жай-күйі бойынша тиісті шаралар алу, Сырым аудандық ауруханасының және Сырым аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аудан халқын COVID-19 вирусына қарсы екпе алу мәселесіне байланысты жұмыстарының есептері тыңдалды. Отырыс барысында комиссия мүшелері мен қатысушылар тарапынан мониторинг топтың жұмысына, жұмыспен қамту, екпе алу мәселелеріне байланысты ұсыныстар болып, болашақта жұмыс барысында ескерілу керектігі айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге арнайы хат жолданады. Келесі отырыстарда ұсыныстардың орындалуы бойынша қорытындысы тыңдалмақ.

