Партиялық бақылау комиссиясының қорытынды отырыс өтті.
2020 жылдың 12 ай қорытытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының 155 отырысы (68 отырыс – 2019 жылы) өткізіліп 398 ұсынба қабылданды (144 ұсынба – 2019 жылы). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 131 отырысы (66 отырыс – 2019 жылы) өткізіліп 218 ұсынба қабылданды (71 ұсынба – 2019 жылы).
Сонымен қатар, есепті кезеңде 283 рейд (41 рейд - 2019 жылы) және 214 семинарлармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, 19 партия мүшесі жауапқа тартылып (2019 жылы тіркелмеді), 1 партия мүшесі партия қатарынан шығарылды (5 партия мүшесі – 2019 жылы).
Партиялық бақылау комиссияларына және Қоғамдық кеңеске жеке және заңды тұлғалардың 30 арыз-шағымдары түскен болатын.
Алдағы уақытта, Партиялық бақылау комиссияларының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Қоғамдық кеңесінің барлық деңгейдегі төрағаларымен мүшелерінің арнайы әлеуметтік желілерде тікелей-эфирлерін өткізу жоспарлануда. Себебі, азаматтармен тікелей байланысты және туындап отырған мәселені шешу үшін, ақпаратты тікелей алу мүмкіндігі туып отыр және бұл шара арқылы партияның ашықтығын және қолжетімділігін көрсете аламыз.
