Партиялықтар бизнес-қоғамдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
📷📷
Мәселен, қалалық сайлауалды бағдарламада партия өз ісін бастаймын деген 9,5 мың азаматқа жыл сайын грант және 2,5 пайызбен микрокредиттердің ашық және әділ бөлінуіне атсалысатыны айтылған. Сонымен қатар, 4,5 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алуда. 2027 жылдың соңына дейін кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған шымкенттіктер саны 200 мың адамнан асады. Ал жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 45%-ға дейін артады.
📷📷
Тұтастай алғанда, «AMANAT» ел аумағында қажетті өндіріс факторларын қамтамасыз ету арқылы өндіруші бизнесті толығымен қолдайды. Ол үшін өндірістік және көлік инфрақұрылымын энергиямен, газбен және сумен жабдықтауға қол жеткізеді. Ал аграрлық кешен мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін неғұрлым ыңғайлы салық ставкалары енгізіледі. t.me/AMANATPartiyasy
