Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық тізімде Ілелік жастардың үлесі 7 есеге артты

Чапаев ауылының Мәдениет үйінде өткен аудандық саяси ұйымның кезектен тыс XXVI конференциясы өтіп, шараға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, Іле аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы, аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен хатшылары, барлығы 39 адам қатысты.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, қаулылар қабылданды. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы туралы «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев хабарлама жасап, делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесінде «Nur Otan» партиясы Алматы облысы, Іле ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы бектілді.2-ші мәселе бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өткізіліп, делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн дауыс беріліп, «Nur Otan» партиясы» Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде ең көп дауыс жинаған Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы ұсынылды.

Алматы облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімге "Nur Otan" партиясынан пікірсайыс қорытындылары бойынша ең көп дауыс жинаған 10 кандидат ұсынылды. «Nur Otan» партиясы атынан Іле аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау бойынша үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына Іле ауданы бойынша қатысатын 7 делегаттың тізімі бекітілді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының төрағасы болып аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, штаб төрағасының орынбасарлары болып Исаев Әмзе Әлдибекұлы мен Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы таныстырылды.

«Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы облысы, Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

0
0
445

Осы тақырып бойынша

Партиялық тізімде Ілелік жастардың үлесі 7 есеге артты - Yvision.kz