Павлодарда өрттен алты адам құтқарылды

Павлодардың өрт сөндірушілері өрттен 6 адамды эвакуациялап, құтқарды. Сағат 14-15-те Павлодарда 1-қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел құтқару жасағы 1-ші қабаттағы терезенің металл торларын бұзып, сол жерден 2 ересек адамды құтқарды, 3 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. 8 адам өз бетінше эвакуацияланды. Орнатылған автосаты бойынша 5-қабаттан 1 қыз құтқарылды. Өрт 14-39-да сөндірілді, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жеке құрамның 25 адамы және 9 техникасы, сондай-ақ ЖҚЖ және АМО қызметкерлері жұмыс істеді. t.me/qr_tjm
