Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Евгений Дога «Вальс»

Бейнематериал авторы – Юля Матвеева, Светлана Левина

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сезім шіркін келесің, мұң басқанда,

Өз-өзіммен оңаша, қалғанымда.

Әнге сеніп, сырымды ашқанымда,

Ну ормандай, ойымда, адасқанда.

Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып,

Шақырасың несіне, адастырып.

Кейде мүлдем тұрасың, өгейсініп,

Кірпігіме, мұң шамын, неге іліп?

Арман сезім болады, қос аққудай,

Айдынында өмірдің, бірге жүзіп.

Бұйырады-ау адамға, неге осылай,

Бірде жанған мынау сезім, кейін сөніп.

Ешбір заңды сезім-ай, мойындамай,

Жарлығыңды саласың, дым ойланбай.

Отты шоқ қып, шоқты от қып, шіркін-ай,

Тағыдырымнан өттің-ау, дым аямай.

Көндіресің, дейсің-ау, сезіктенбе,

Төзімді бол, дейсің-ау, өкпелеме.

Тік қарашы, дейсің-ау, кезіккенде,

Мен сондаймын, дейсің-ау, мына өмірде.

2
1
359

Осы тақырып бойынша

Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып... - Yvision.kz