Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Періштеге теңер едім «Мүгедек ағайындарға арналған»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Алексей Савов «Любовь без границ»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Талпынасың, қиындыққа қарамай,

Шыдайсың-ау, мұң түссе де, жыламай.

Болмаса да, ойдағыдай, бұл жағдай,

Еңбек етіп, сен жатасын, аянбай.

 

Көрсетпейсің, көз жасыңды, ешкімге,

Күліп тұрып, көңіл жылап жатса да.

Салмайын деп, мен міндетті, ешкімге,

Сан ойлармен, сен қаласың, тағы да.

 

Күн санайсың, өтіп жатқан қапыда,

Күрсінесің, сенім құрып, арманда.

Ұйқың қашып, сен ойлайсың таңыңда,

Барма екен, түсінетін, мені біреу жалғанда?

 

Сен Аллаға, басқалардан жақынсың,

Сүйген құлын, жәбірлейді осылай.

Ақ бұлақтай, таза арың, намысың,

Көмегіңді сұраса, сен келесің ойланбай.

 

Үйренейік, біз олардан, бәріне,

Сүру керек, қалай мынау өмірде.

Тең болайық, табиғаттың сәніне,

Қалмау үшін, қайғы-мұңлы қасіретте.

 

Ренжітпейік, мүгедекті ешқашан,

Кім біледі, кімге ертен, не дайын.

Қолдың ұшын, біз берейік әрқашан,

Мүмкін болса көтерейік, көтерейік біз жайын.

 

Қабыл болсын, әр тілегі сұраған,

Орындалсын, орындалсын бар арман.

Періштеге теңер едім, о жалған,

Тағдырменен сыналса да, бар қасиетті, сақтаған.

1
1
625

Осы тақырып бойынша