Петропавл қаласынан 9 адам СҚО мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне енгізілді
Пікірталас барысында олар тұрғын үйдің қолжетімділігі, жолдарды жөндеу, халықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ТКШ деңгейін арттыру мәселелерін көтерді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Петропавл қаласынан 9 адам Солтүстік Қазақстан облысының мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар, аймақтық конференцияға делегаттар сайланды.
Праймериз кезекті кезеңі – партия конференциялары осы аптада басталды. 10-12 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысында партияның 14 аумақтық филиалында конференциялар өтті, онда жергілікті мәслихаттарға партиялық тізімдер анықталды. Бұған дейін 7 және 8 қарашада облыс бойынша 246 бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өтті.
Аймақ бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың және Мажілістің «Nur Otan» партиялық тізімдеріне қосылуға үміткер 79 праймериздің қатысушысы пікірсайысқа қатысты. Оларға 600-ден астам делегат дауыс берді.
Қалалық және аудандық пікірсайыстардың жеңімпаздары 17 қарашаға жоспарланған облыстық конференциядағы пікірсайыстарға қатысады. Өңірлік конференцияның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Мәжіліс сайлауына «Nur Otan» партиясының тізіміне енетін праймериз кандидаттары анықталады.
