Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлдың мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне әйелдердің 30%-ы және жастардың 30%-ы кірді

Қалалық мәслихаттың партиялық тізіміне 27 нұротандық енгізілді, олардың 30% - әйелдер және 30% - жастар. Өкілдердің орташа жасы 44 жасты құрады. Тізім қалалық өкілді органда 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша қалыптастырылды.

Партиялық тізімге шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, спорт, өнеркәсіп, квазимемлекеттік сектор салаларының өкілдері енгізілді.

Облыс орталығы бойынша праймеризге барлығы 106 адам қатысты. Олар сайлаушылармен 700-ден астам кездесу өткізіп, 60-тан астам ұсыныс жиналды, олардың 30-ы Петропавл қаласы бойынша «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

Партия Петропавл қалалық филиалының төрағасы Болат Жұмабеков атап өткендей, бағдарлама жобасы қаланың нақты артықшылықтары мен проблемалық мәселелерін ескере отырып дайындалған.

«Облыс орталығын дамытудың 7 басым бағыты болады. Сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ Петропавлдың негізгі проблемалық мәселелерін шешу жолдары қамтылған. Бағдарламаны табысты іске асыру орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп ата өтті Болат Жұмабеков.

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Петропавлдың мәслихатына «Nur Otan» партиясының тізіміне әйелдердің 30%-ы және жастардың 30%-ы кірді - Yvision.kz