Праймериз: Алматы облысында 1 күнде 90 жуық үміткер өтінішін білдірді
Атап айтсақ, бүгін 83 азамат «Праймериз» веб-порталымен мобильді қосымшасы арқылы немесе партия филиалына келіп, өз өтініштерін қалдырды. Ел ішіндегі әлеуметтің мәселесін, мұң-мұқтажын көтеріп жүрген жетісулық белсенді азаматтар праймериз арқылы өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп отыр. Осы орайда, партияның түрлі алаңдарын пайдаланып, билікпен бұқара арасында алтын көпірге айналған партияның мүмкіндіктерін пайдаланбақ. Тіркеу жұмыстары 28 тамызға дейін жалғасқандықтан, күнделікті тіркеу жұмыстары жүргізіліп, партия филиалдарынан құрылған ұйымдастыру комиететтерінің мүшелері құжаттарын қарастырып, тиісті кеңестерін де беруде. Құжатты тапсырмас бұрын түрлі сұрақтарға жауап алмақ болатын үміткер колл орталыққа да хабарласып, тиісті жауабын үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндіктер қарастырылған.
