Праймериз: үгіт жұмыстарының жетінші күні де жалғасуда
Үгіт-насихат жұмыстарының қарқыны бөлек. Арғымақты аламанда сына деген. Үміткерлер өздерінің екінші тынысын ашқандай. Мұны жер-жерде өтіп жатқан насихаттық жұмыстардан аңғаруға болады. Қазір елімізде санитарлық талаптарды сақтау шаралары жүзеге асуда. Осындай сындарлы уақытта ұжымдық кездесулерді сол талаптарды сақтап өткізуде. Одан бөлек, сандық технологияның көмегіне жүгіну де қалыс қалып жатқан жоқ. Үміткерлер кездесулерді Skype, Zооm жүйелері арқылы онлайн өткізуде. Әлеуметтік желілердің де мүмкіндігін пайдаланып, флаер, бейнероликтерін жариялауды жалғастыруда.
