ПРАЙМЕРИЗ: ЖЕТІСУДА ПІКІР-САЙЫС БАСТАЛДЫ,кандидаттар қарымы қандай?
Алматы облысында праймеризге қатысушылар жеребе арқылы 178 топқа бөлінген.
📷Саяси додаға қатысушылар 30-қыркүйекке дейін сөз аламанына түспек. Қалай дейсіз ғой? Үміткерлер пікір-сайыста сайлауалды бағдарлама жобасын таныстырып, сүбелі сөзбен ел үшін жасай алар қарекетін тілге тиек етеді. Сөз сайыста үміткерлерге сауалдар қойылып, елдің-жердің түйіткелді мәселесін қалай шешілерін талдайды.
📷Жетісуда бүгінге, яғни қыркүйектің 17-жұлдызында 12 пікір-сайыс жоспарланған еді. Жоспар жүйелі орындалды. Үміткерлер ел алдында елдіктің, ілгерілеудің, өрістеудің жолдарын ұсынып, келелі мәселелерді тарқатты. Сөз-сайыстар елдегі қалыптасқан эпидемиялық жағдайға орай барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өтті. Әрі қалың көпшілікке әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы жолданды.
📷Бір айта кететін жайт, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын 3 қазанға дейін жалғастырмақ.
