Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Праймериздің мақсат-міндеттері жастарға түсіндірілді

Шарада облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева праймериздің негізгі мақсат міндеттерімен, дауыс беру механизмі және кім қатыса алатындығы жайлы түсіндіріп өтті. Жастар түрлі сұрақтар қойылып, ұйымдастырушылар тарапынан тұщымды жауаптары қайтарылды. Жастар бірлестіктерімен сұрақ алмасу барысында "Парыз" жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айым Кимелқызы өз тарапынан партияның жаңа бағыттағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, жастар ұйымдары жетекші партияның бұл науқанына белсенді қатысатындығын да жеткізді. Жастарды қолдау негізінде жұмыс атқарып жүрген облыстық "Jas Otan" ЖҚ төрағасы Еркебұлан Ешмұханбетұлы праймеризге қатысушыларға сәттілік тілей отырып, өз кезегінде бұл шараға мейлінше белсенді жастарды тартылғаны игі бастама екендігін атап өтіп, бұл ұйым тарапынан үнемі қолдау көрсететіндігін жеткізді. Айта кетерлігі, праймеризге тіркеудің бірінші күнде 90-ға жуық өңірдің белсенді азаматтары өтініштерін қалдырып, арасында жастар орталықтарының жетекшілері, жас мамандар да құлшыныс білдірген. Кездесу аясында праймеризге қатысуға 4 жас өтініш білдіретінін де жеткізді..

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Праймериздің мақсат-міндеттері жастарға түсіндірілді - Yvision.kz