Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Проспект» сауда үйінде экспромт-кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне өңірімізден үміткер ретінде тіркелген Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сабира Сүндетова Орал қаласы, Н.Назарбаев атындағы даңғыл бойында орналасқан «Проспект» сауда үйінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді.

​Сауда үйі қызметкерлері және келушілермен жүздесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасы, ондағы жеті басым бағыттар туралы сөз қозғады. Депутаттыққа үміткерлермен кездескен қала тұрғындары алдағы сайлау науқанына міндетті түрде қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

​Аталған шараға қатысқан «Nur Otan» партиясының жас белсенділері сайлау туралы үнпарақтар таратты.

0
0
160

Осы тақырып бойынша