"Өткен іске өкініш ЖОҚ"
Міне 11 жыл бойы "инемен құдық қазғандай" білім алып,туысқандар,ата-ана алдында абыроймен БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ тесттілеуді тапсырдық. 2012 жылы ҰБТ-ға 73 529 -дан 69 978 оқушылар қатысты.

Негізгі тесттілеу жүйесінің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталсық.10 сыныптан бастап бізді "базалық"сұрақтармен ұстаздарымыз талмай еңбек етіп,білмегінімізді үйретті.Алайда,2012 жылы ҰБТ-ны тапсырған жас түлектердің наразылығы жоғары,көрсеткіші өте төмен.
Атап кетерлігі,математика және тарих пәндерінен бұрын сонды оқымаған мағынасыз сұрақтар көп.Математикаға бір есепке шамамен 1-2 минутта шығаруымыз тиіс болған,бірақ графикалық есептерге 6-7 минут кетіп калды. Сонымен қатар логикалық
есептердің көбеюі де уақытымызды бірталай шегерді.
Енді болары болды.БАҚ шаба ма?БАП шаба ма?әрбір жас түлек бұйырған баллдарын алды.Орта есеппен алғанда көрсеткіштің төмен болуына байланысты мемлекеттік ЖОО-ға (жоғарғы оқу орындарына) 50 балл-дан бастап жас түлектерді қабылдаса игі болар еді.2012 жылғы ЖАС ТҮЛЕКТТЕРГЕ өмірде тек қана СӘТТІЛІК тілеймін.
Жансая Менлибаева
