Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әр бала мектепке лайықты» – БАҚ өкілдері, медиа мамандары және блогерлер арасындағы конкурс

2 сәуірден бастап инклюзивті қоғамды қалыптастыру және қажеттілігі ерекше адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында жүлделік қоры 750 000 теңге болатын «Әр бала мектепке лайықты» атты конкурс жарияланды.

Конкурс 2 сәуірге, Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған.

Сайыста 5 номинация ұсынылған:

-        Ең үздік телевизиялық жұмыс – 250 000 тг;

-        Баспасөз бетіндегі ең үздік мақала  – 100 000 тг;

-        Ең үздік фотожұмыс – 100 000 тг;

-        Ең үздік интернет жарияланымы - 100 000 тг;

-        Ең үздік әлеуметтік ролик - 200 000 тг;

Өтінімдер «Болашақ» корпоративтік қорының bolashakcharity.kz атты  ресми сайты  арқылы қабылданады, материалдар мына почта және/немесе мекенжай арқылы қабылданады: 010000,  Астана қ, Д. Қонаев көшесі. 12/1 , 412 кеңсе, тел. 8 7172 707 697.

Конкурс туралы ережені bolashakcharity.kz сайтындатабуға болады. Қосымша ақпарат сілтемеде: ПОЛОЖЕНИЕ КОНКУРСА СМИ.html

 

«Әр бала мектепке лайықты» жобасы бойынша анықтама:

2016        жылы Қорға, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың құқығын бұзушылығы туралы 200-ден астам сұраныс қабылданды, осыған байланысты VIII Қысқы қайырымдылық бал қаражатына:

- 3 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды №83 МЛ, №40 ОМ Астана қ., № 75 ОМ Алматы қ. Жалпы білім беру жүйесіне 56 БЦСА, аутизмі бар және т.б. мүмкіншіліктері шектеулі балаларды енгізу.

- 2 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті ашылды; Астана қ. №73 ФТЛ, Алматы қ. №1 Оқушылар үйі (жылына 300-ден астам баланың кешенді оңалтудан өтуі);

-  3 сенсорлық бөлме және ЛФК кабинеттері жабдықталды; Алматы қ. ММ «Түзету педагогикасының ұлттық – ғылыми практикалық орталығы » (80 баланы кешенді оңалту), Астана қ. ППТК №3 (120 баланы кешенді оңалту), Солтүстік Қазақстан облысының Пресновка ауылының ППТК (40 баланы кешенді оңалту)

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу бойынша 5 тренинг ұйымдастырылды, қатысқандар қатарында: білім беру ордаларының қызметкерлері, ата аналар қауымдастықтары, халықаралық жетекші мамандар болды. Барлығы орта есеппен 196 адам.

Айта кететін жай «Әр бала мектепке лайықты» жобасы БҒМ білім беру Ұлттық Академиясының Республикалық эксперименталды алаңдар қатарына енгізілген. Сонымен қатар тамыз айында Масимов К.Қ. қатысуымен, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған көмек көрсету туралы сұрақтар қарастырылған дөңгелек үстел өтті, Қор атынан инклюзивті білім беру жүйесін дамыту және комплексті көмек көрсету бойынша Үкіметке ұсыныстар берілді.

2016 жылдың 5-ші қаңтарында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында «Әр бала мектепке лайықты» жобасының Сарапшы Кеңесі құрылды, кеңес құрамына енгендер қатарында: мемлекеттік мекемелерің өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, ата аналар қауымдастықтарының өкілдері де бар. Кеңес атынан 5 нормативті құқықтық актілерге түзетулер мен қосымшалар ұсынылды.

Инклюзивті қоғамды құру, мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың тең мүмкіндіктерін дамыту мақсатында «KAZNET media» ЖШС бірлесе 39 БАҚ өкілдері арасында 5 номинация қарастырылған байқау ұйымдастырылды.

       
0
0
731

Осы тақырып бойынша

«Әр бала мектепке лайықты» – БАҚ өкілдері, медиа мамандары және блогерлер арасындағы конкурс - Yvision.kz