ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мекеме қызметкерлері арасындағы шағын футбол жарысы өтті
Миялы спорт кешенінде өткен жарысқа құрамына қарай біріктірілген 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысымен аудандық полиция, қорғаныс бөлімі, күзет бөлімі қызметкерлерінен құралған «Барыс» командасы жеңімпаз атанса, 2-орынға Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің Қызылқоға бөлімшесі қызметкерлерінен құралған «Айбын» командасы ие болды. Үздік үштікті Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Намыс» командасы қортындылады. Сонымен қатар, жарыс барысында шебер ойындарымен көзге түскен Төлепов Абзал «Үздік ойыншы», Қуанов Мақсат «Үздік шабуылшы», Гумаров Рүстем «Үздік қақпашы» атақтарына ие болды.Жеңімпаз команда мен үздік ойыншылар бөлімнің атынан дипломдармен, медальдармен марапатталды.
