"Рахат" базарында кездесу өтті
Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында Ақсай қаласындағы "Рахат" базарындағы сатушылар мен базарға келген тұрғындармен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабына енген "Ақжол" партиясының өкілі Дүйсенов Серiк Чапайұлы да қатысты. Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар Қ.К Тоқаевтың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді. Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады" деп айтқан сөздері жеткiзiлді.
"Рахат" базарында кездескен қаламыздың тұрғындары сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022



