Рамазан айының күнтізбесі 2016. Қазақстан қалалары үшін ораза кестесі. Ораза кестесі 2016 жыл

Бүкіл әлем мұсылмандары Рамазан айын бүгін қарсы алды. 2016 жылы, Хижра күнтізбесіне сәйкес, қасиетті айдың алғаш күні – 6 маусымда, а соңғысы – 4 шілде, шілденің 5-ші жұлдызында Ораза айт мерекесі басталмақ. Осылай, Рамадан 29 күн созылады.
Рамазан немесе Рамадан – бұл барлық мұсылмандар білетін ай күнтізбесінің 9-шы айы. Ол жылдағы ең қасиетті әрі қадірлі ай деп айтуға болады. Рамазан бастамасы айдың тууымен сәйкес келеді, сол себепті оның басы әр елде бөлек анықталады.
Рамадан айында ораза тұту – Ислам дініндегі 5 парыздың бірі, Шариат негіздерінің бірі. Бұл күндері мұсылмандар реніш пен өкпелерін ұмытып, тіпті соғыс өтіп жатқан жерде оқ-қаруын түсіруі керек. Мұсылман өзінің әрбір іс-әрекетін Алла тағаланы ойлап жасауы қажет.
Осы айда ислам діні 15 жасқа толған әр мұсылманды ауыз бекітуге шақырады. Ол ораза деп аталады. Күн шығыс пен батысымен діндар адам кез келген тамақ пен сұйықтықтардан бас тартуы керек, онымен бірге ойын-сауық пен жаман ойлардан аулақ болуға тиіс. Күн батысымен және кешкі намаздан кейін ауызашар басталады – ол мерзімде тағам жеуге рұқсат. Ең алдымен ораза ұстайтын кісі су мен құрманың дәмін татады, содан кейін ғана басқа тағамдарға кіріседі. Кешкі ауызашарда дұға оқылады.
Егер адам кәрі және әлсіз болса, ауруғуға шалдығып, жолда болса немесе жүкті әйел болған жағдайда, онда ол үшін ауыз бекіту мен ораза ұстау міндет емес. 15 жасқа толмаған балалар оразаны түске дейін ұстай алады. Рамазан – ең алдымен астан бас тарту емес, ол рухани тазалану мен сенімнің нығаюы. Ол өмірге жаңа көзбен қарап, оны өзгерту үшін тамаша мінсіз уақыт. Сонымен қатар, осы айда жақсы іс жасау өте қажет, олардың маңыздылығы бұл кезде 700 есе артады.
Қадір түні немесе Әл-Кадра – оразаның ең маңызды уақыттарының бірі, оның шарықтау шегі. Осы түнде ұйықтамай, оны намаз оқып өткізу қажет, кейбіреулер ол үшін мешітке барады. Сол шаққа дейін ораза ұстағандарға Алла тағала барлық күнәларын кешіреді. Құранның «Қадір сүресінде» айтылғандай, дәл осын түні – Рамазан айының 26 мен 27-ші жұлдыздарда, Алла тағала Жәбірейіл арқылы Мұхаммед пайғамбарға Қоранның алғаш сөздерін жібереді. 2016 жылы Қадір түні 1 мен 2 шілде аралығында өтеді.
Ораза айт (Ораза байрам) мейрамы Рамазан айы аяқталып, келесі ай басталуын білдіреді, ол 3 күн өтеді. Оның басында барлық мешіттерде таңғы дұға оқылып, ораза аяқталады. Осы уақытта адамдар сыйлықтар сыйлап, үй безендіреді, мол дастархан жайып, өздері де қонаққа барады, сонымен бірге қайтыс болған жақындарын еске салады.
Діндар адамдар мерекеден бірнеше күн бұрын мұқтаждарға олар да тойласын деген ниетпен садақа жинайды – ол пітір садақа деп аталады. Оны жеке беруге болады, немесе мешітке апарып салуға болады. Биыл, 2016 жылы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы фитр садақасын 200 теңге көлемінде анықтады, бұл соманы әрбір мұсылман беруге тиіс.
Алматы қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Астана қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Шымкент қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Ақтөбе қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Атырау қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Семей қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Қарағанды қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Қызылорда қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Павлодар қаласы бойынша ораза уақыты 2016

Тараз қаласы бойынша ораза уақыты 2016

