Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деді

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов және «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы Борсы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

0
0
184

Осы тақырып бойынша