Референдум туралы ақпарат айтылды
"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық штабының мүшесі аудандық мәслихат депутаты Салтанат Кенжалиева Қамысты ауылының Мәдениет, кітапхана қызметкерлері және жастармен кездесті. Кездесу барысында 5 маусымда өтетін референдум туралы ақпарат айтылды, сондай-ақ Конституцияға ұсынылған түзетулер мен толықтырулар бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер берілді. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

