Ренжіткім сені келмейді
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Карен Саркисян
Бейнематериал авторы – Минюра Рахимжанова «Закым»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Ренжіткім сені келмейді,
Сүйіппін сені, мен құлап.
Айтсамда ешкім сенбейді,
Сырымды, жатыр-ау ол қинап.
Томпиып кішкентай баладай,
Бір кезде ренжіген болсам мен.
Сөз болса айтылған байқамай,
Кешіре алсаң, кеш мені, кешір сен.
Қайтеміз, қинап сезімді,
Онсызда жылап жатқанда.
Жасырмай ақтарып көңілді,
Қалмайық, біз үнсіз, қапыда.
