Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Атырау облысы бойынша облыстық, қалалық және 7 аудандық, барлығы 9 сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде мыңнан астам азаматты қабылдау жоспарланып отыр.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.

Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8,3 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 41 мыңнан астам адам жүгінсе, олардың 90% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан,олардың үлес салмағы – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 15%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, жұмыспен қамту, еңбек даулары – 15%, білім саласы - 7% және медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 8% құрап отыр.

Назарларыңызға Атырау облыстық сайлауалды штабының азаматтарды қабылдау кестесін ұсынамыз.

Төмендегі көрсетілген байланыс телефондары бойынша қабылдауға алдын-ала жазылуыңызды сұраймыз.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

8 71 22 27 00 43; 8 778 124 24 50; 8775 056 72 62

0
0
214

Осы тақырып бойынша

Республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды - Yvision.kz