Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ризамын тағдырға, ризамын «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Missing you»

Бейнематериал авторы – Beliar «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - http://vk.com/public56982889

       

Ризамын тағдырға, ризамын,

Сыйлаған маған, нәресте.

Талпынып үміт құрамын,

Шайқасқа толы, өмірде.

 

Кешірім сұраймын Тәңірден,

Тәубеме талай мен келіп.

Ұрпақ бар, басатын ізімнен,

Атымды жалғайтын, көтеріп.

 

Бұтағын шашып, өрісім,

Есейіп жатыр, жалғасып.

Босайды кейде, көңілім,

Ренжіспен қуаныш таласып.

 

Толады-ау көңілім мейрімге,

Қуатқа мені, толтырып.

Бөлейді бақыт, сезімге,

Аш қалған, жанымды, тойдырып.

 

Өшпейді атым, білемін,

Үш ұлым, қалқан, тірегім.

Жалғасым менің, көктемім,

Соғады-ау, осылар деп, жүрегім.

 

Мұңлыққа берілсем, кешіре гөр,

Барма екен хақым, жылауға?

Өрісімді өсіріп, сақтай гөр,

Ризамын, ризамын, Аллаға.

 
1
1
1677

Осы тақырып бойынша

Ризамын тағдырға, ризамын «Аудио өлең» - Yvision.kz