Ұрлайсың-ау тіршілік, уақытымды...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романс»
Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц
Өңдегендер – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Әнімнен нәзік, үн шығар,
Сағыныштан мүмкін, тұншығар.
Күлсе де бірде, мың жылар,
Әттеген-ай, деп те, тұр шығар.
Ұрлайсың-ау тіршілік, уақытымды,
Аямастан қуратып, шабытымды.
Тұлатасың шіркін-ай, көңілімді,
Сары мұңға батырып, сөздерімді.
Таңданамын, әлі де алданамын,
Түсіне алмай, сырларын, көңілімнің.
Шипа іздеп жаныма, қолданамын,
Құпиялы күшін алып, әнімнің.
Саған риза, бүгін менің, жүрегім,
Әнім менің болмаса мен, бос бөрнемін.
Жан әніме, болса егер, керегім,
Мынау жүректен, шыққан сөзді, беремін.
