Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шынықсаң, шымыр боларсың

Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Фото: ©WTA

Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды.

Енді Рыбакина финалға шығу үшін белорус Виктория Азаренкомен (#32) ойнайды.

Ал Азаренко ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны (#68) 6:7(4), 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл екеуі 3 сағат ойнады. Сөйтіп, Путинцева жартылай финалға шыға алмай қалды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық екі теннисшінің де ширек финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.

0
0
232

Осы тақырып бойынша