Сән әлемінің қалыптасуы және дамуы.
. Бұл сөз орыстарда Петр I кезінде пайда болды. Францияның Париж қаласын сәннің бастауы, сонда пайда болған жер деп саналады. Сән – адамдардың ойларының дамуы, шығармашылық қиялы десек болады. Бірақ аяқ киімнің үлкен мұрындары, биік платформалар, көйлектердің ұзын пойыздары, корсеттер және аман қалу немесе мәртебеге баса назар аудару үшін қажет емес басқа элементтер - сән тарихының бастамасы. Әр адам өзінің қалаған киімін кие алады. Ал сән әлемі қазіргі деңгейге жету үшін қандай жолдардан өтті?
Археологиялық зерттерулерге қарасақ киіну мәдениеті полеолит дәуірінен бастау алған. Себебі сол дәуірде адамдар әулет жерлерін жабу үшін аңның терілерінен киім жасап кие бастаған. Бірақ бұл уақытта әйелдер киетін, ерлер деп киетін жыныстық жағынан бөлінбеген еді. Әр дәуірге өткен сайын киімдері де өзгеріп, біртіндеп жиде, шалбар деген киімдер шыға бастады. Сән әлемі дами келе қолданысқа «стиль» сөзі ене бастады.
Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.
Классикалық стиль: • Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы; • Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата; • Түстері қатты ашық емес және нәзік; • Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды; • Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
